×
513.55
602.09
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.55
602.09
6.42

Қазақстан мен Жапонияны байланыстырып отырған жастар стартаптары туралы айтты

Бүгін, 09:39
Қазақстан мен Жапонияны байланыстырып отырған жастар стартаптары туралы айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Жапонияда жүрген қазақ жастары Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға сұқбат берді. Соның бірі - Жапониядағы алғашқы қазақстандық стартаппен айналысатын Ержан Қаратаев. 

Ержан Жапонияда жұбайымен тұрады. Олар IT мен инновация саласында жобаларды жүзеге асырады. Стартаптар, технологиялар және инвестициялар бағытында Жапония мен Қазақстанды байланыстырып отырған жастар.

– Біз – Жапониядағы алғашқы қазақстандық стартаппыз. IT мен инновация саласында жобалар жүзеге асырып жатырмыз. Astana Hub-ты жапондық инновациялық хабтармен алғаш болып байланыстырдық, қазақстандық стартаптарды осында әкелдік, сондай-ақ жапон инвесторларын Digital Bridge алаңына панельдік сессияға қатысу үшін шақырдық.

– Стартаптарыңыздың мәні неде?

– Бізде бірнеше жоба бар. Соның бірінде IT және инвестиция саласында Жапония мен Орталық Азияны байланыстырып отырмыз.

– Жапонияда жүргендеріңізге көп болды ма?

– Бұл елде алты жылдан бері тұрып келеміз. Өзім Қостанайданмын, жұбайым Алматының тумасы. Алғашында IT-компанияларда жұмыс істеу үшін келген едік, кейін стартаптармен айналыса бастадық.

– Болашақта Қазақстанға қайтасыздар ма, әлде осында қаласыздар ма?

– Біз мұнда ұзаққа қаламыз деп ойламаймын. Ертең не боларын ешкім білмейді. Мүмкін, басқа елдерге де барып көрерміз. Бірақ түптің-түбінде міндетті түрде Қазақстанға ораламыз және жинаған тәжірибемізді туған елімізде пайдаланғымыз келеді.

– Қазақтарға жапондардан үйренуге тұрарлық үш қасиет қандай?

– Жапондар үшін ұқыптылық, жүйелілік және құрмет аса маңызды. Олар бұл үш қасиетті жеке өмірде де, бизнесте де өте жоғары бағалайды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияда болады. 

Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесті. 

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Серіктес жаңалықтары