×
513.55
602.09
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.55
602.09
6.42

Сотта күйеуі “ұрып өлтірді” деген Айзат Жұманованың видеосы көрсетілді

Сотта күйеуі “ұрып өлтірді” деген Айзат Жұманованың видеосы көрсетілді
Видео кадры

Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта Айзат Жұманованы ауруханаға алып келген кездегі видео көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға болған күні Айзат Жұманованы ауруханаға алып келген кездегі видео көрсетілді. Онда сотталушы, марқұмның күйеуі Айбар Жанболаттың оның бет тұсын сүртіп жатқаны көрінеді. 

Бұдан бөлек, марқұмның енесі Айзаттың аяғын уқалап жатады. 

Медбике Айзатты ауруханаға арбамен алып кірген. 

Бұған дейінгі сот отырысында Айзат Жұманова жеткізілген Жетісу облыстық ауруханасының реаниматолог дәрігері марқұмның өлім алдында келген, оған қажетті медициналық көмек көрсетілгенін айтқан.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін сот процесінде сот-медициналық сарапшыдан жауап алынып, марқұмның неден қайтыс болғаны туралы айтылды.

Серіктес жаңалықтары