×
513.55
602.09
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.55
602.09
6.42

Украина дрондары ресейлік танкерге соққы жасады

Бүгін, 20:40
Украина дрондары ресейлік танкерге соққы жасады
Ашық дереккөзден

Украина Қауіпсіздік қызметінің дрондары Ресейдің «көлеңкелі флоты» құрамындағы мұнай танкеріне соққы жасады. Шабуыл Жерорта теңізінің бейтарап аймағында болғанын «Украинская правда» және «РБК-Украина» басылымдары 19 желтоқсанда жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Киев ресми түрде мұндай танкерлерді заңды нысана деп санайды, себебі Ресей оларды санкцияларды айналып өту және соғысты қаржыландыру үшін пайдаланады. Ресей президенті Владимир Путин бұған жауап ретінде «Украинаны теңізден ажырату» туралы ескерту жасады.

ТАНКЕР ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ

Арнайы қызметтегі дереккөздердің айтуынша, сөз «Кендил» (Qendil) атты танкер жайында. Ол Оман туы астында жүреді және Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне қызмет еткен. Шабуыл «бұрын-соңды болмаған жағдай» деп сипатталды, себебі танкер «ауыр зақымданған» және енді өз мақсатына пайдалануға жарамсыз.

Дереккөздер нақты қай жерде соққы жасалғанын айтпайды. Бірақ «Кендил» шабуыл кезінде мұнай тасымалдамаған, сондықтан аймақта экологиялық қауіп жоқ деп көрсетілген. MarineTraffic қызметінің дерегіне сәйкес, танкер 1 желтоқсанда Үндістанның Сикка портынан шыққан және 1 қаңтарда Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портына жетуі тиіс болған. Қазір ол Крит аралының оңтүстік-батысында тұр.

Ресей әзірге Украина Қауіпсіздік қызметінің соққысына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

УКРАИНА КӨЛЕҢКЕЛІ ФЛОТТЫ ЗАҢДЫ НЫСАНА ДЕП САНАЙДЫ

«Кендил» танкеріне жасалған соққы — Ресейдің «көлеңкелі флоты» кемелеріне украин дрондарының төртінші шабуылы. Бұған дейін Украина Қара теңізде үш танкерге соққы жасаған болатын.

Жауап ретінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаны теңізден ажырату қаупін айтып, Батыс елдерінің кемелеріне де шабуыл жасалуы мүмкін екенін меңзеді. 19 желтоқсандағы тікелей эфирде ол украин дрондарының соққылары Ресейдің энергия тасымалдау жүйесіне әсер етпейтінін мәлімдеді.

Ресми Киев Ресейдің «көлеңкелі флоты» танкерлерін заңды нысана деп санайды, себебі олар санкцияларды айналып өтіп, Кремльге соғысты қаржыландыратын табыс әкеледі.

Украина Батыс елдерімен бірге Ресейдің энергия тасымалдауына қатысатын кемелерге халықаралық теңіз қызметін көрсетуді тоқтатуға қол жеткізуге тырысуда.

Серіктес жаңалықтары