×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар

Бүгін, 16:05
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Khaleej times

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды нөсер жауыннан кейін су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде отыруға, су басқан аймақтардан бармауға және саяхатты шектеуге үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

БАӘ Ұлттық метеорология орталығы ел бойынша ауа райы құбылатынын хабарлады. Нөсер жауын жауып, жел екпіні күшейеді деп болжанып отыр, деп жазды Kazinform.

БАӘ-нің көп бөлігінде нөсер жаңбыр жауды. Khaleej Times хабарлауынша, жауын-шашынның ең көп мөлшері Рас-эль-Хаймада (127 мм) жауған, Порт Сакрда 123 мм, ал Джабаль-ар-Рахба мен Джабаль-Джейстің таулы аймақтарында сәйкесінше 117,5 мм және 166,6 мм жауын-шашын жауды.

Gulf News хабарлауынша, Шарджа полициясы су тасқынынан өнеркәсіптік аймақта екі адамның электр тоғынан қаза тапқанын тергеп жатыр.

Елдің ең ірі қалаларының бірі Дубайды да су басты. Билік қауіпсіздік мақсатында қаладағы саябақтар мен қоғамдық жағажайларды жапты.

Серіктес жаңалықтары