×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Зеленский АҚШ-тың Ресеймен кездесу өткізу туралы идеясын қолдап отыр

Бүгін, 11:46
Зеленский АҚШ-тың Ресеймен кездесу өткізу туралы идеясын қолдап отыр
Украина президентінің баспасөз қызметі

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонның Мәскеумен келіссөздердің жаңа форматы туралы бастамасына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина АҚШ, Ресей және Украина арасындағы үшжақты кездесу өткізу туралы АҚШ-тың ұсынысын қолдап отыр. Бұл туралы журналистерге ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Алайда, The Times of Israel басылымының жазуынша, Украина басшысы мұндай форматтың түбегейлі жаңа нәтижелерге жеткізетініне күмән келтірген. Ол бұған дейін осыған ұқсас кездесулер Түркияда өткенін еске салды.

Зеленскийдің айтуынша, бұған дейінгі осындай форматтағы келіссөздер барысында нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізілген, атап айтқанда, тұтқындарды алмасу туралы келісім жасалған. Сондықтан ол мұндай кездесулерден мүлде бас тартуға болмайды деп есептеп отыр.

Президенттің сөзінше, келіссөздер кем дегенде жаңа тұтқын алмасулар жөнінде уағдаластыққа келу немесе Ресей, АҚШ және Украина көшбасшыларының ықтимал кездесуіне дайындық үшін пайдалы болуы мүмкін.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Қиын мәселелер бар, оларды мемлекет басшыларының өзі шешуі керек. Сондықтан егер нәтиже — тұтқын алмасу немесе басқа да келісімдер болса, мен оған қарсы бола алмаймын. Біз бұл жағдайда АҚШ-тың ұсынысын қолдаймыз. Қалай боларын көре жатармыз, — деді Зеленский.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ КЕЛІССӨЗДЕР

Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздер 2025 жылғы 16 мамырда үш жылдан астам үзілістен кейін қайта жанданды. Алғашқысы Ыстамбұлда өтіп, шамамен екі сағатқа созылды. Ол кезде делегациялар атысты тоқтату жөнінде егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындауға және тұтқындарды алмасуға келіскен еді.

Екінші келіссөз де 2 маусымда Ыстамбұлда өтті. Тараптар тағы да тұтқындарды алмасып, қаза тапқандардың мәйіттерін қайтару туралы келісімге келді.

Серіктес жаңалықтары