Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, халықтың 80,3%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сонымен қатар ол ел бойынша тіркелген 4 миллион азаматтың кейінгі екі жылда емханаларға жүгінбегенін айтты. Бұл жағдай профилактика мен диспансерлік бақылау тәсілдерін қайта қарауды қажет етеді.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Әрбір медициналық мекеме бойынша жан-жақты талдау болуға тиіс. Алматы ерекше бақылауда болады. Қалада шамамен 3 миллион адам тұрады және әрбір медициналық ұйым қызметті сапалы көрсетуге міндетті. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру тіркеу мен есепті бұрмалауды болдырмау үшін қажет, – деді Аида Балаева Алматыда өткен кеңесте.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС қорын басқарған Айдын Құлсейітовтің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл қызметте небәрі сегіз ай жұмыс істеген.
Айдын Құлсейітов жуырда Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға сұхбат берген еді.