×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Алматыда студент оқытушыны пышақтады: қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 15:40
Алматыда студент оқытушыны пышақтады: қылмыстық іс қозғалды
Видеодан алынған кадр

Алматыда ALT University студентінің оқытушыға жасаған шабуылына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, студент ұсталды.

– Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ALT University студенті оқытушыны пышақпен жаралаған еді. 

Жанжал бағаға қатысты шыққан болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермейтінін нақтылады.

Оқытушы ауруханада тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, жарақаттан өміріне қауіп төнбеген.

Серіктес жаңалықтары