Албания парламентінде оппозиция депутаттары мен полиция арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Парламент отырысы кезінде оппозиция өкілдері фаерлер жағып, парламент спикеріне су шашып, үкімет мүшелеріне арналған орындарға жайғасты. Осылайша, олар заң шығару органының қалыпты жұмысын әдейі бұзуға тырысқан. Жағдай тек полицияның араласқаннан кейін ғана бақылауға алынды.
СЕБЕП
Демократиялық партияның лидері Сали Бериша «ұрлықшы және жасырын әрекет ететін адамдармен бірге парламенттің жұмыс істеу мүмкін емес» деп мәлімдеді және «тек заң үстемдік етуі керек» деді.
Оппозиция вице-премьер Белинда Балукудың ісі бойынша ресми айыптау актісімен танысуға рұқсат беруді талап етіп отыр. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы прокуратура парламентке оны қамауға алуға келісім беру жөнінде өтініш түсірген. Бұл мәселе бойынша дауыс беру жұма күні өтуге тиіс.
Бұрын инфрақұрылым және энергетика министрі қызметін атқарған, премьер-министр Эди Раманың жақын серіктесі саналатын Белинда Балуку Тиранада жүргізілген ірі инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде тоннель мен айналма жол құрылысына қатысқан компанияларға заңсыз жеңілдіктер беруі мүмкін деген күдікке ілінген.
Өткен айда парламентте сөйлеген сөзінде Белинда Балуку өзіне тағылған айыптауларды «жала және жалған ақпарат» деді және тергеу органдарымен толық ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.