×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады

23.01.2023, 19:48
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады
Фото: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 24-26 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де болса кең солтүстік-батыс антициклон анықтайтындықтан, алдағы күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

«Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі.