×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Жамбыл облысында әскери мүлік тиелген вагондар рельстен шықты

Бүгін, 12:42
Жамбыл облысында әскери мүлік тиелген вагондар рельстен шықты
pixabay.com

Жамбыл облысындағы Түрксіб станциясы аумағында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вагондарды тарқату кезінде жөнелтіліп жатқан жүк пойызымен «бүйірлік соқтығыс» болған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысында кешігу болмаған, өзге құрамдардың жүру кестесі бұзылған жоқ.

Қазақстан темір жолы компаниясында қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, кейбір вагондарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне тиесілі мүлік болғаны белгілі болды. Министрліктің баспасөз қызметі тасымалданған жүктің тылдық мақсаттағы мүлік екенін, құрамда әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі болмағанын түсіндірді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, келтірілген материалдық шығын тексеру нәтижелері бойынша комиссия тарапынан анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары