×
517.66
606.49
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.66
606.49
6.44

Су татырмайтын сұмырайлар - журналист FlyArystan туралы

Бүгін, 23:40
Су татырмайтын сұмырайлар - журналист FlyArystan туралы
Ашық дереккөзден

Белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі жазбасында FlyArystan әуе компаниясының қызметіне қатысты ашық сын айтты. Ол Астана–Алматы бағытына алған билеті бойынша рейстің бірнеше сағатқа кешігіп, уәде етілген қызмет көрсетілмегенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕЙСТІҢ КЕШІГУІ

Журналист әуежайға жеткенде рейстің кешігуі туралы хабарлама алғанын айтады:

«Әуежайға жете бергенде рейс 1,5 сағатқа кешігеді деген смс келді. Егер әуе кемесі 2 сағатқа кешіксе алкогольсіз сусындар беріледі, 4 сағатқа кешіксе ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз деп қоса хабарлады» – деді Диас Нұрақын. 

Алайда, ұшақ уәде етілген уақыттан әлдеқайда кеш көтерілгенімен, жолаушыларға ешқандай сусын ұсынылмаған.

«Не керек, ырғалып-жырғалып 12:25 те ұшатын қызыл қанат ұшақ 14:40-та бірақ көкке көтерілді. Бірақ уәде етілген суын да сусынын да сол күйі көрмедік»  – деді журналист.

БОРТТАҒЫ ҚЫЗМЕТ

Жолаушыларға тегін сусын берілмегенімен, борт қызметкерлері ақылы тіскебасарлар мен сусындарды ұсынған.

«Керісінше бортта тіскебасарлар мен сусындар сатып алсаңыз болады деп стюардессалар хабарландыру айтып жатты. Сонда бұлардың 0.25 грамм қара суы менің 2,5 сағат уақытымнан қымбат болғаны ма?» – деді Диас Нұрақын. 

ЖҮККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙ

Диас Нұрақын тіркеу кезінде тағы бір келеңсіздікті бастан өткергенін жазады:

«Өздерінің 2,5 сағат кешігіп жатқандарымен шаруасы жоқ, біздің артық жүгімізді есептеп, ақша сұрап сумаңдап тұр... Мен 5 келі қол жүгін сатып алғам. Менікі одан аз екен. Жарты ақшасын қайтарып бересіздер ме дедім. Жо-жоқ, жолыңыз болсын!- деп жылмың қағып ары жүгіріп кетті»  – – деді журналист.

ҚОРЫТЫНДЫ

Журналист жазбасында әуе компанияларының жауапкершілігіне күмән келтіріп, жолаушылардың құқықтары жиі ескерілмей қалатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары