×
515.02
604.22
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.02
604.22
6.5

Қызметкер қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан: курорт пен мейрамхана пікір білдірді

Бүгін, 14:37
Қызметкер қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан: курорт пен мейрамхана пікір білдірді
Фото. restolife.kz

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Gusto мейрамханасы қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан қызметкердің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айта кетейік, Gusto мейрамханасы тау-шаңғы курортының аймағында орналасқан. Алайда курорт өкілдері бұл жағдайға жалға алушы, яғни Gusto мейрамханасы жауапты екенін атап өтті. 

- Курорт аумағындағы кафе және ресторандардағы жағдай жалға алушылардың жауапкершілігіне жатады. Сөз болып отырған оқиға бойынша түсініктеме алу үшін Gusto мейрамханасының әкімшілігіне жүгінуге болады, дейді курорт өкілдері. 

Сондай-ақ Shymbulak тау курорты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне құрметпен қарайтынын атап өтті. 

- Shymbulak үшін әрбір қонақтың, қарым-қатынас тіліне қарамастан, сапалы әрі дұрыс қызмет алуына жағдай жасау өте маңызды. Shymbulak заң талаптары қатаң сақталатын, ашық, көптілді және қонақжай кеңістік болып қала беруге әрқашан ұмтылады, делінген жауапта. 

МЕЙРАМХАНА ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Gusto мейрамханасы Қазақстан Республикасының заңдарын және мемлекеттік тілді құрметтейтінін айтады.

- Біз қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеміз. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериал қосымша зерделеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта ішкі тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген жауапта.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасының әкімшілігі қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан болатын. Бұл оқиға қазнетте қызу талқыға түсті

Серіктес жаңалықтары