×
510.18
601.91
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.18
601.91
6.51

Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмыстан кетті

Бүгін, 15:01
Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмыстан кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда мейрамханамызда орын алған жағдайға байланысты ішкі тексеру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тексеру нәтижесі бойынша сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптарына сәйкес мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданған.

- Аталған шешім тек ішкі шара болып табылады және оқиғаға қатысқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді көздемейді. Оқиғаға байланысты одан әрі қарау заңнамада белгіленген тәртіппен тараптардың өзара қатысуымен жүзеге асырылады, – делінген хабарламада. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасының әкімшілігі қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан болатын. Бұл оқиға қазнетте қызу талқыға түсті

Серіктес жаңалықтары