×
510.18
601.91
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.18
601.91
6.51

Зеленскийдің бейбіт ұсыныстары қандай мәселелерді қамтиды

Бүгін, 21:40
Зеленскийдің бейбіт ұсыныстары қандай мәселелерді қамтиды
Ulysmedia коллажы

Bloomberg агенттігі Кремльге жақын дереккөзге сүйене отырып хабарлағандай, Украина мен Америка Құрама Штаттарының кеңесінен кейін дайындалған құжат Ресей үшін «әдеттегі украиндық жоспар» болып көрінеді. Мәскеу оны қарастыруға дайын, бірақ «артық үмітсіз», деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатта Ресей үшін аса маңызды саналатын тармақтар жоқ және түсініксіз тұстар өте көп. Дереккөздің айтуынша, жоспардың ішінде НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюінен бас тарту кепілдігі мен Украинаның бейтарап мәртебесі қарастырылмаған. Сондай-ақ соғыстан кейінгі украин қарулы күштеріне шектеулер енгізу мәселесі көрсетілмеген, орыс тілінің мәртебесіне қатысты нақты кепілдіктер жоқ.

Бөлек мәселе – санкциялар және Батыстағы жүздеген миллиард доллар көлеміндегі Ресей активтерінің тағдыры. Бұл тармақ бойынша да Мәскеу айқындықты талап етеді. Дегенмен жоспарды Мәскеу әңгіме бастауға негіз ретінде қабылдап отыр, бірақ оны түпкілікті құжат деп санамайды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарымен талқыланған бейбіт ұсыныстардың мазмұны туралы айтқан болатын. Ол, атап айтқанда, украин армиясының санын шектеу, АҚШ, Еуропалық Одақ және НАТО тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері, Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі, елдің ядролық қарудан бас тартуы және Запорожье атом электр станциясын бірлесіп басқару мәселелерін қамтиды.

Ең күрделі мәселе – территориялық даулар. Киев атысты тоқтатуды нақты байланыс сызығы бойынша талап етсе, Мәскеу украин әскерін Донецк облысынан шығаруды талап етеді.

Серіктес жаңалықтары