×
511
602.72
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511
602.72
6.49

Қазақстан алтын қоры бойынша алтыншы орынға шықты

Бүгін, 19:40
Қазақстан алтын қоры бойынша алтыншы орынға шықты
Ulysmedia.kz\ЖИ

Сарапшылар соңғы 25 жылдағы алтын қорын арттыру деректерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2000 жылдан бері әлемнің орталық банктері алтын қорын белсенді түрде арттырып келеді. Әлемдік рейтингтің көшбасшысы Ресей болды – 1948 тонна алтын қосқан. Одан кейінгі орында Қытай тұр – 1885 тонна. Осы екі мемлекет 2024 жылға дейінгі алтын сатып алу көлемінің жартысынан астамын қамтамасыз еткен.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан алтын қоры бойынша жарыста алтыншы орынға тұрақтады. Мәліметтерге сәйкес, еліміз соңғы ширек ғасырда 227 тонна бағалы металл сатып алған. Жалпы, Trading Economics деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы алтын қоры биылғы жылдың үшінші тоқсанында 324,37 тоннаға жеткен.

КОНТЕКСТ

Сәрсенбі күні алтын бағасы аздап төмендеді. Бұған дейінгі сауда сессиясында бір унциясының құны 4 500 АҚШ долларынан асып, шарықтаған еді.

Серіктес жаңалықтары