FinGramota.kz порталы жүргізген сауалнамаға сәйкес, биылғы жылы респонденттердің тек 29,1 пайызы алаяқтыққа тап болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2024 жылы бұл көрсеткіш 50,6 пайызды, ал 2023 жылы 77,6 пайызды құраған.
ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША ЖАҒДАЙ
Алаяқтармен ең көп кездесетін өңірлер:
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШ
— «Ең жоғары көрсеткіш 18–21 жас аралығындағы жастар арасында байқалады, мұнда көрсеткіш 47,9 пайызға жеткен. Бұл деректер жастардың цифрлық ортада белсенді екенін, онлайн төлемдер мен қаржылық сервистерді жиі қолданатынын көрсетеді. Соның салдарынан алаяқтармен байланысқа түсу ықтималдығы артады», — делінген хабарламада.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРІП ҚОЮ
Кейбір өңірлерде әрбір бесінші респондент жеке деректерін алаяқтарға беріп, олардың құрбаны болған:
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛДАР
Алаяқтардың негізгі құралы смартфон болып отыр – барлық шабуылдардың 56,3 пайызы осы құрылғы арқылы жасалған. Сонымен қатар, электрондық пошта (29,7%) және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер (15,2%) жиі қолданылуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сауалнамаға қатысқандардың тек 4,6 пайызы ғана ақшасын қайтарып немесе өтемақы ала алған. Ал 42 пайыздан астамы алаяқтықтан кейін психологиялық зардап шеккенін айтқан.