×
511
602.72
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511
602.72
6.49

Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: Gusto мейрамханасының әкімшісі кешірім сұрады

Бүгін, 18:26
Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: Gusto мейрамханасының әкімшісі кешірім сұрады
ulysmedia.kz коллажы

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақ тіліне сөйлеуден бас тартып, дауға қалған ресторан әкімшісі халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Елена есімді мейрамхана әкімшісі заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның инстаграм парақшасында халықтан кешірім сұрады.

«Мен өзімнің отаныма қайырылғым келеді және өзімнің сөздерім үшін кешірім сұрағым келеді. Мен де Қазақстанның азаматымын. Мен өзімнің халқымның алдында кешірім сұраймын. Осындай эмоциялық жағдайда «Мен СССР-да тудым» деп айтқаным үшін кешірім сұраймын. Ешкімге тіл тигізгім келген жоқ. Сол себепті мені кешірулеріңізді сұраймын», – деді ол видеода.

Видеода заңгер Мейірман Шеккевтің Gusto мейрамханасына барып, әкімшілігімен сөйлесіп, мәзірдегі қателіктерді түзетуді сұрағаны көрінеді. Ресторан әкімшілігі де болған жағдайға кешірім сұрап, мәзірдегі қателіктерді түзетуге уәде берген.

Бұған дейін дауға іліккен Gusto мейрамханасының әкімшісінің жұмыстан шығарылғаны туралы айтылған.

Контекст

23 желтоқсанда  Бақытжанов есімді Threads қолданушысы желіге Gusto мейрамханасының әкімшілігімен болған қазақ тілі жөніндегі дауға қатысты видео жариялаған. Осыдан кейін Threadsпен 2Gis платформасында тұтынушылар Gusto мейрамханасының сервисіне қатысты пікірлер жазған. Кейбір желі қолданушылары мейрамхананы жабуды талап етсе, енді бірі қазақ тілін құрметтеуді талап еткен.

Серіктес жаңалықтары