×
512.81
604.19
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.81
604.19
6.57

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Бүгін, 21:10
Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді
Әлеуметтік желіден

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев электронды үкімет порталының жаңа нұсқасы дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жаңартылған eGov танымал ChatGPT чат-ботының қағидаты бойынша жұмыс істейді. Азаматтарға енді қажетті бөлімді іздеп, бірнеше бланкті толтырып, анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Жай ғана чатқа сұрау жазса жеткілікті — жасанды интеллект тапсырманы өзі түсініп, деректерді жинап, дайын қызметті ұсынады.

МИНИСТРДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Электронды үкіметтің келесі деңгейі — азаматтар жасанды интеллектпен сөйлесу арқылы толыққанды қызмет алуы. Бұл end-to-end шешім деп аталады. Бүгінде өнім дайын» деді Жаслан Мадиев.

ІСКЕ ҚОСУ МЕРЗІМІ

Министрдің айтуынша, сынақ алдағы апталарда басталады. Ал халық үшін толық іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары