×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Темірлан Анарбеков түркиялық "Фенербахче" қақпашысын алмастыруы мүмкін

Бүгін, 12:28
Темірлан Анарбеков түркиялық "Фенербахче" қақпашысын алмастыруы мүмкін
Темірлан Анарбеков

"Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков түркиялық клубтардың назарына ілікті,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркиялық скаут Али Эмренің пікірінше, ол "Фенербахче" сапындағы Ифран Джан Эгрибаяттың орнын басуға әбден лайық.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Егер Ифран Джан Эгрибаят командадан ("Фенербахче") кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының бірі саналады. "Қайрат" сапындағы матчтарда өзін керемет көрсетті, ал Бельгияға қарсы ойында ірі есеппен жеңілістен сақтап қалды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оның бағасы 10-15 миллион еуроға жетер еді, – деп жазды Эмре әлеуметтік желідегі парақшасында.

АНЫҚТАМА

Темірлан Анарбеков – қазақстандық футболшы, қақпашы. 2003 жылғы 14 қазанда Атырауда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2020 жылы "Қайрат" клубында бастаған. Қазіргі уақытта клубтың негізгі құрамында ойнайды әрі Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайды.

Серіктес жаңалықтары