×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері белгілі болды

Бүгін, 14:03
"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері белгілі болды
ашық дереккөз

"Болашақ" халықаралық стипендиясы және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Олардың ішінде 152 адам магистратурада білім алуға, 16 үміткер докторантура бағдарламаларына жолдама алды. Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды. Ғылыми тағылымдамалар — отандық ғылым мен өндірістің дамуына серпін беретін, заманауи білім мен озық тәжірибені елге трансферттеудің маңызды тетігі.

Грант иегерлерінің тізімі "Халықаралық бағдарламалар орталығының" ресми сайтында жарияланған.

 

Серіктес жаңалықтары