×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Микронесиелер: мыңдаған жас қазақстандық қарызға белшесінен батып отыр

Бүгін, 17:26
Микронесиелер: мыңдаған жас қазақстандық қарызға белшесінен батып отыр
Ulysmedia

21 жасқа дейінгі шамамен 19 мың қазақстандықтың микронесиелер бойынша мерзімі өткен қарызы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, елде 18 бен 21 жас аралығындағы 847 430 адам тұрады. Соның ішінде 136 239 жастың микрокаржы ұйымдарына қарызы бар. Олардың 13,7 пайызында төлем мерзімі өткен берешек тіркелген.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Мемлекеттік кредиттік бюроның деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта 18-21 жас аралығындағы 136 239 жас азамат микрокаржы ұйымдарынан қарыз алған. Олардың 18 638-інде (13,7%) 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыз бар, – деп жауап берді Мәдина Әбілқасымова Сенат депутаттарының сауалына.

Агенттік басшысы ҚНРДА тұтынушылық кредит беруді азайтуға және халықтың шамадан тыс қарызға батуына жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары