×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Ресей Украинаға жаппай соққы жасады: зардап шеккендер бар

Бүгін, 17:50
Ресей Украинаға жаппай соққы жасады: зардап шеккендер бар
t.me/dsns_telegram

27 желтоқсанға қараған түні Ресей Украина аумағына баллистикалық және қанатты зымырандармен, сондай-ақ ұшқышсыз аппараттармен жаппай соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соққының негізгі нысанасы Киев қаласы болды. Астана мэрі Виталий Кличко шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Әуеліде кемінде сегіз адамның жараланғаны айтылып, олардың бесеуі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің арасында 16 жастағы жасөспірім де бар. Кейінірек Киевте жараланғандар саны 19 адамға жетті.

– Голосеев ауданында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, автосервис жанып жатыр. Оболонь ауданында саяжай кооперативіне сынықтар құлады. Сондай-ақ Деснян ауданында ашық аумақта да сынықтар түсті, – деп жазды Виталий Кличко Telegram желісінде.

Кейінірек қала әкімі Дарницк ауданында жаңа өрт ошақтары тіркелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 24 қабатты және 18 қабатты тұрғын үйлер, сондай-ақ бірнеше жеке тұрғын үй отқа оранған. Өрттің таралу қаупіне байланысты жақын маңдағы қарттар үйінен он адам эвакуацияланды. Сонымен қатар 10 қабатты тұрғын үйлердің бірінде де өрт шыққан.

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, жылу электр орталықтарының біріне де соққы жасалуы мүмкін. Кейінірек Киев қаласының шамамен үштен бірі (жалпы саны 2600-ге жуық тұрғын үй, 187 балабақша, 138 мектеп және әлеуметтік саланың 22 нысаны) жылусыз отырғаны белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары