×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

«90-жылдардағы дағдарыс қайтадан болуы мүмкін»: сарапшы ескерту жасады

Бүгін, 12:25
«90-жылдардағы дағдарыс қайтадан болуы мүмкін»: сарапшы ескерту жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Сарапшылардың сөзінше, салық реформасы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына әсер етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

B2B операцияларына, яғни арнайы салық режимінде жұмыс істейтін компаниялар мен жеке кәсіпкерлер арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша салықтық шегерімдердің шектелуі – сарапшылар мен шағын және орта бизнесті алаңдатып отырған басты мәселе. Бұл туралы Қазақстан салық консультанттары қауымдастығы басқарма төрағасы Сәкен Карин мәлімдеді.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап компаниялар үшін «жеңілдетілген» режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлермен әріптестік орнату қиындайды. Себебі олардан сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге кеткен шығындарды шегерімге жатқызу мүмкін болмайды. Нәтижесінде шамамен 400 мың кәсіпкер зардап шегуі мүмкін.

– 90-жылдары бізде барлық өндіріс орындары бірден тоқтап, сауда тізбектері үзіліп қалған еді. Оның салдарын ұзақ жылдар бойы сезіндік: жұмыс күші азаяды, жабдықтар тозады. Мұның бәрін қайта қалпына келтіру үшін орасан қаражат қажет. Мәселенің ең өзекті тұсы осы. Заң шығару қағидаларында нормалардың кемінде 5 жылға алдын ала болжамы жасалуы тиіс деп жазылған. Бірақ біз ондай болжамды көрмедік. Бар болғаны бір беттен тұратын презентация ұсынылды, оны біз толық сынға алдық. Ондағы кейбір сандар тіпті ақылға қонымсыз, – деді Сәкен Карин TengeTalks арнасына берген сұқбатында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қабылданған салық реформасы бизнес пен қарапайым азаматтар үшін елеулі қиындықтарға әкелетінін мәлімдеген еді

Серіктес жаңалықтары