×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Елге көшіп келгісі келетін ресейліктерге қазақ тілін үйренуге кеңес берілді

Бүгін, 18:02
Елге көшіп келгісі келетін ресейліктерге қазақ тілін үйренуге кеңес берілді
ЖИ / ulysmedia.kz

Ресейлік сарапшылар көшуге ең жиі таңдалатын жеті бағытты анықтады. Сол тізімде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшылардың дерегінше, Қазақстаннан бөлек, ресейліктер ең көп таңдайтын елдер қатарына Түркия, Сербия, БАӘ, Армения, Грузия және Таиланд кірген. Зерттеу авторлары жаңа елді таңдауда азаматтар заңдастыру шарттарынан бастап, жалпы өмір сүру деңгейіне дейін көптеген факторды ескеретінін атап өтті.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанға қатысты негізгі үш артықшылық көрсетілген: жақын орналасуы, таныс орта және визасыз режим. Ресей азаматтарына визасыз кіру мүмкіндігі бар, сондай-ақ инвестиция салу, жұмысқа орналасу немесе туыстық байланыстар арқылы уақытша тұруға рұқсат алу қолжетімді.

Зерттеуде тіл мәселесіне де ерекше назар аударылған.

– Табыс: орташа жалақы 400–700 АҚШ доллары аралығында, ал шикізат саласында, IT мен қаржы секторында одан да жоғары.
– Шығын: тұрғын үйді жалдау құны 300–600 доллар шамасында, өмір сүру деңгейі Ресеймен шамалас.
– Маңызды: орыс тілі кең таралған, алайда қазақ тілін білу мансап үшін үлкен артықшылық саналады, – делінген Yuga жариялаған материалда.

Серіктес жаңалықтары