×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Қазақстандықтарға қолжетімді ипотекалар

Бүгін, 21:40
Қазақстандықтарға қолжетімді ипотекалар
Ulysmedia коллажы

Келер жылы қазақстандықтарға бірнеше тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«НАУРЫЗ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Отбасы банкінің дерегінше, бағдарлама кемінде 2031 жылға дейін жалғасады. Жаңа өтінімдер көктемде қабылданады.

  • Сыйақы мөлшерлемесі – 9% (әлеуметтік осал топтағы кезектегілерге – 7%)
  • Бастапқы жарна – 10% (таза әрлеудегі пәтерлерге), 20% (қарапайым әрлеуде)
  • Қарыздың ең жоғарғы сомасы – Астана мен Алматыда 36 млн теңге, басқа өңірлерде 30 млн теңге
  • Мерзімі – 19 жылға дейін

«НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР» ИПОТЕКАСЫ

Алдағы 6 жыл бойы қолданыста болады. Шарттары «Наурыз» ипотекасымен бірдей, айырмашылығы – өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика және су ресурстары саласында еңбек ететіндерге арналған. Жаңа өтінімдер көктемде, 2026 жылы қабылданады.

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ

5 қаңтарда 25 млрд теңге көлемінде жаңа транш бөлінеді.

  • Сыйақы мөлшерлемесі – 7%
  • Бастапқы жарна – 20%-дан бастап
  • Мерзімі – 25 жылға дейін
  • Қарыздың ең жоғарғы сомасы: Астана, Алматы, маңайы және Ақтау, Атырау, Шымкентте – 30 млн теңге; Қарағандыда – 25 млн теңге; басқа өңірлерде – 20 млн теңге

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҰМАЙ» ИПОТЕКАСЫ

2026 жылы қаржы бөлінуі күтілуде. Нақты лимит пен іске қосу мерзімі әзірге белгісіз.

  • Сыйақы мөлшерлемесі – 14.4%, кейін 3.5–5%-ға дейін төмендетіледі
  • Бастапқы жарна – 15–20%
  • Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 50 млн теңге
  • Мерзімі – 25 жылға дейін

«ЖАСЫЛ ИПОТЕКА»

Энергоүнемді және экологиялық таза тұрғын үй сатып алуға арналған. Мұндай үйлерде LEED, BREEAM, ГОСТ Р немесе OMIR сертификаты болуы тиіс.

  • Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 50 млн теңге
  • Бастапқы жарна – 20% (тұрғын үй төлемін алушыларға – 15%)
  • Сыйақы мөлшерлемесі – 12.5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 13.3–18.1%)
  • Қарыздың 50%-ын жинаған соң мөлшерлеме 3.5–5%-ға дейін төмендейді (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 3.6–6.9%)

Серіктес жаңалықтары