Қазақстан билігі микро және шағын бизнеске арналған салық амнистиясын іске қосады. Бұл шара жаңа Салық кодексін енгізуге дайындық аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МЕХАНИЗМ
Үкімет қаулысымен айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару тәртібі бекітілді. Егер кәсіпкер 2026 жылға дейінгі негізгі қарызын толық өтесе, оған қатысты өсімпұл мен айыппұлдар кешіріледі.
МЕРЗІМДЕР
Бұл мүмкіндік 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін қолжетімді болады.
ҚОСЫМША ЖЕҢІЛДІКТЕР
Амнистия әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша тіркелген айыппұлдарға да қатысты болады. Бұл мыңдаған шағын кәсіп иелері үшін қаржылық қайта жүктеу мүмкіндігін береді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сарапшылардың сөзінше, салық реформасы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына әсер етеді.
B2B операцияларына, яғни арнайы салық режимінде жұмыс істейтін компаниялар мен жеке кәсіпкерлер арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша салықтық шегерімдердің шектелуі – сарапшылар мен шағын және орта бизнесті алаңдатып отырған басты мәселе. Бұл туралы Қазақстан салық консультанттары қауымдастығы басқарма төрағасы Сәкен Карин мәлімдеді.