×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Қазақстан қысқы Олимпиадаға 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Бүгін, 12:28
Қазақстан қысқы Олимпиадаға 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
9news.com

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

XXV Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Министрдің айтуынша, ұлттық құраманың құрамы халықаралық жарыстардағы нәтижелерге қарай жасақталады.

— Ұлттық құрама 10 спорт түрі бойынша 58 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Атап айтқанда, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар, — деді министр.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Дайындыққа бөлінген жалпы қаржы көлемі 13,3 млрд теңге. Оның ішінде 585 млн теңге — спорт федерацияларының қаражаты, 5,3 млрд теңге — республикалық бюджеттен, 6,2 млрд теңге — жергілікті бюджеттен, 1,2 млрд теңге — Туризм және спортты қолдау қорынан бөлінген, деп нақтылады Мырзабосынов.

Ұлттық құрамалардың бапкерлік штабы әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі жоғары деңгейлі мамандардан құралған. Дайындыққа Германия, Нидерланд, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен 13 шетелдік кеңесші тартылған. Олар мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шорт-трек және биатлон бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ спортшылардың жабдықтарының сапасын бақылау және техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, ведомстволық ұйымдар мен танымал спортшылар өкілдері қатысатын арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.

Серіктес жаңалықтары