Сергей Шнуров жетекшілік ететін Ленинград тобы соңғы жеті жылдағы алғашқы гастрольдік турын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
2026 жылы өтетін тур аясында топ 14 қалада концерт береді. Бұл тізімге Қазақстандағы Қонаев қаласы да енген. Мұнда маусым айында топтың Қазақстандағы жалғыз концерті өтпек. Айта кетерлігі, гастрольдік бағдарламада Сергей Шнуровтың туған қаласы — Санкт-Петербург жоқ.
ШНУРОВ
Сергей Шнуров 2016 жылдың тамызында «Миротворец» дерекқорына енгізілген. Онда оған Украинаның мемлекеттік шекарасын (Қырым арқылы) «саналы түрде бұзды», «ресейлік әскери қылмыскерлер мен басқыншыларға жәрдемдесті», сондай-ақ «Ресей билігінің Украина мен оның азаматтарына қарсы қылмыстарына қатысы бар» деген айыптар тағылған.
Шнуров Владимир Путин туралы сатиралық өлеңдерімен де танымал. Солардың бірінде:
«Вы не видели, где Вова? Вышел? Нет, как раз пришёл!
Вова к нам вернулся снова,
Чтобы было хорошо!» — деп жазылған.