×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Тоқаев Асаубаеваны "Барыс" орденімен марапаттады

Бүгін, 23:18
Тоқаев Асаубаеваны "Барыс" орденімен марапаттады
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.

– Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

БИБІСАРА АСАУБАЕВА

Бибісара Асаубаева — Қазақстанның ең талантты және белгілі шахматшылардың бірі, әлем деңгейінде танымал спортшы. Ол 21 жасында әйелдер арасында гроссмейстер (GM) атағын алған елдің екінші шахматшысы.

 

Серіктес жаңалықтары