×
502.57
591.68
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.57
591.68
6.42

Жаңаөзенде жанармай құю бекетінде сұйытылған газ тарап кетті

Бүгін, 08:29
Жаңаөзенде жанармай құю бекетінде сұйытылған газ тарап кетті
Видео кадры

Жаңаөзен қаласындағы автогаз құю станциясында сұйытылған газдың ағуы тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда қалың ақ түтінге ұқсас газ бұлты жерге жайылып, маңайдағы аумақты түгелдей жауып қалғаны көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМЕТТЕР

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 30 желтоқсан күні сағат 18:34-те өнеркәсіптік аймақ №14 аумағында орналасқан «Анар» автогаз құю станциясында болған. Lada.kz жазуынша, көлемі шамамен 5 тонна болатын цистернаның фланецтік қосылысынан газ шыға бастаған.

Аумақты полиция қызметкерлері жедел түрде қоршауға алып, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Оқиға орнына 28 құтқарушы мен 11 техника жіберілді. Газдың ауадағы шоғырлануын азайту үшін шашыранды су беріліп, екі өрт сөндіру оқпаны қолданылды.

Өрт шыққан жоқ, зардап шеккендер жоқ. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде газ цистернадан толық шығып, сағат 19:30-ға қарай ағу толығымен тоқтатылды. Артынша көлік қозғалысы екі бағытта да қайта ашылды. ТЖД өкілдері жағдай толық бақылауда екенін, тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары