×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

«Сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күрес қашан күшейеді?

Бүгін, 12:03
«Сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күрес қашан күшейеді?
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), сондай-ақ заңды темекі бизнесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне темекі өнімдерінің «сұр импорт» пен контрабанда арқылы келу мәселесін талқылады. Кездесу Алматы облысында, Қазақстандағы ең ірі темекі өндіруші JTI компаниясының өндірістік алаңында өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Талқылау барысында келтірілген деректерге сәйкес, жыл сайын ЕАЭО елдеріне заңсыз түрде 10 млрд данағадейін темекі жеткізіледі. Бұл одаққа мүше мемлекеттердің бюджетіне елеулі шығын келтіреді. Қазақстанда ғана2025 жылы темекі өнімдерінің заңсыз айналымынан түсетін салықтың жетіспеуі 36 млрд теңгеден асуы мүмкін.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов негізгі мәселе ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ерекшеліктері мен ішкі кедендік шекаралардың жоқтығына байланысты екенін тілге тиек етті.

«Тауар ЕАЭО-ға мүше кез келген елдің аумағына кірген соң, басқа мемлекеттерге еркін қозғалады. Бұл бастытүйткіл. Біздің статистикаға сәйкес, әлсіз буын ретінде Қырғызстан көрініп отыр: Иран, Түрікменстан, Өзбекстан нарықтары арқылы заңсыз тауардың Қырғызстан аумағына өтуіне қатысты белгілі бір схемаларбар.
Кейін бұл өнім сол елден ЕАЭОа мүше басқа мемлекеттерге тарайды. Ал одақ елдерінің кез келгеніне түскенсоң, контрабанданы анықтау мен тоқтату өте қиын. Сондықтан мәселені Одақтың сыртқы шекарасындашешу қажет деп санаймыз», — деді Тимур Жаркенов.

Осы орайда кездесу қатысушылары ЕАЭО-ның сыртқы периметріндегі бақылауды күшейту және «жалғантранзит» деп аталатын схемаларға қарсы тетіктерді жетілдіру қажеттігін талқылады. ЕЭК-тің Кедендік заңнамажәне құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимов қазіргі уақытта комиссия деңгейіндетауар қозғалысының ашықтығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар әзірленіп жатқанын айтты.

«Бүгінде ЕАЭО елдерімен бірлесіп, жалған транзитке қарсы шараларды қолға алып жатырмыз. Соның ішінденавигациялық пломбаларды енгізу және сезімтал тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейту бар. Бұлқұралдар өнімнің қозғалысын бақылауға және заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді», —деді Қуат Рахимов.

JTI компаниясының темекінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық директоры Эугениус Кикокас та нақты деректер келтірді:

«Темекі контрабандасы — халықаралық деңгейдегі қылмыс. Мұндай көлемдегі заңсыз өнім нарыққа тек жақсыұйымдасқан арналар арқылы ғана түсе алады. Жеткізу тізбегін анықтау құқық қорғау органдарыныңжұмысы. Ал біз, нарық қатысушылары ретінде, жеткізу көзін айқындауға көмектесе аламыз. Мәселен, Қырғызстандағы контрабандалық темекінің 75%-ы, ал Қазақстандағы 85%-ы Біріккен Араб Әмірліктеріненәкелінеді»

Кездесу барысында контрабандалық темекі өндірілетін орын да аталды. БАӘ-дегі Джебель-Али арнайыэкономикалық аймағы. Алайда сарапшылар бұл дерек Әмірліктерді айыптауға негіз емес екенін атап өтті.

«Темекі БАӘ аумағындағы арнайы экономикалық аймақта толықтай заңды түрде өндіріліп, экспортқа шығады. Алайда кейін бұл заңды тауар контрабандалық өнімге айналады, яғни  құжаттар қолдан жасалып, басқа дазаңсыз әрекеттерге жол беріледі», — деді Тимур Жаркенов.

Эугениус Кикокастың пікірінше, «сұр нарықпен» күресу үшін мемлекеттер арасында халықаралықынтымақтастықты жолға қою және мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты күшейту қажет. Өндірушілермемлекеттік органдармен ұсыныстарымен бөлісуге дайын, бастысы олардың пікірі ескерілсе болғаны.

Өз кезегінде Қуат Рахимов кездесуде JTI өкілдері ұсынған темекі мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымынақатысты ақпарат жан-жақты талданып, кейін барлық бақылаушы органдарға жолданатынын атап өтті.

«JTI - өндіруші ретінде темекінің заңсыз айналымына қарсы күресте ең мүдделі тараптардың бірі», — деді ол.

Оң тәжірибе ретінде спикерлер Өзбекстанды мысалға келтірді. Онда 2024 жылдың басында 19% болған заңсыз нарық көлемі жыл соңына қарай 10,1%-ға дейін төмендеген. Бұған шекаралардағы транзиттік жүктерді қатаңбақылау және Қазақстанмен салыстырғанда контрабанда үшін анағұрлым қатаң жаза қолдану әсер еткен.

Кездесу қатысушылары мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, ЕАЭО елдеріарасындағы деректер алмасу және бизнестің белсенді қатысуы аймақтағы темекі өнімдерінің заңсыз айналымынқысқартудың негізгі тетіктері екенін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары