×
489.17
576.63
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.17
576.63
6.38

Ресей АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізді

03.01.2026, 14:24
Ресей АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізді
depositphotos.com/borjomi88

Ресей Федерациясы АҚШ-қа қатысты санкциялар енгізілгенін мәлімдеді. Шектеу шаралары аясында Америка Құрама Штаттарын "Мир" төлем жүйесінен ажырату туралы шешім қабылданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сондай-ақ Yandex компаниясы АҚШ аумағындағы серверлерін өшіруді және оларды елден шығаруды бастағаны айтылды. VK Видео* платформасы АҚШ-пен байланыстырылған аккаунттар үшін монетизацияны ресми түрде тоқтатты.

Бұдан бөлек, бірқатар ресейлік компания, соның ішінде "Добрый", "Вкусно — и точка", Rostic’s және АвтоВАЗ АҚШ нарығынан кететінін мәлімдеді.

Сонымен қатар АҚШ аумағында "Одноклассники", VK әлеуметтік желілеріне және MAX* мессенджеріне қол жеткізуде қиындықтар туындағаны туралы ақпарат тарады.

Айта кетейік, *VK компаниясына тиесілі, АҚШ-та экстремистік ұйым ретінде танылып, тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары