×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэладағы операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді

04.01.2026, 10:47
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэладағы операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Michael M. Santiago / Getty Images

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэладағы операциясына байланысты 5 қаңтарда арнайы отырыс өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш болған жағдайды "қауіпті прецедент" деп атады. Венесуэланың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Самуэль Монкада қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында АҚШ-тың әрекеттерін "отаршылдық соғыс" деп бағалады.

– Бұл – халқымыз еркін сайлаған республикалық басқару жүйесін жоюға және табиғи ресурстарымызды, соның ішінде әлемдегі ең ірі мұнай қорларын тонауға мүмкіндік беретін қуыршақ үкіметті таңуға бағытталған отаршылдық соғыс, – делінген мәлімдемеде.

Отырысты өткізу бастамасын Колумбия Ресей мен Қытайдың қолдауымен ұсынған. Бұған дейін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі АҚШ пен Венесуэла арасындағы шиеленістің ушығуын қазан және желтоқсан айларында екі рет талқылаған еді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Венесуэладағы әскери нысандарға соққы жасап, кейін америкалық арнайы мақсаттағы күштер президент Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті тұтқындаған. Ерлі-зайыпты Нью-Йоркке жеткізілді, онда оларға есірткі тасымалы мен жемқорлық істері бойынша айып тағылады деп жоспарланып отыр.

АҚШ Венесуэлада "қауіпсіз, тәртіпті және ақылға қонымды" билік орнағанша дейін елді уақытша басқаруға дайын. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Каракастағы оқиғалардан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары