АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары Венесуэлаға оралып, елдің мұнай саласына миллиардтаған доллар инвестиция салуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның сөзінше, америкалық ең ірі мұнай корпорациялары қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруді, мұнай өндіруді жандандыруды және венесуэлалық мұнайдан табыс табуды жоспарлап отыр. Трамп бұл бастамалардың ауқымды инвестицияларды және ұзақ мерзімді жұмысты көздейтінін айтты.
Сондай-ақ ол Венесуэланың мұнай саласы көптеген жыл бойы құлдырау жағдайында болғанын, елдің мүмкіндігіне қарағанда бірнеше есе аз мұнай өндіргенін айтты. Оның сөзінше, Венесуэла пайдаланылмай келген орасан зор әлеуетке ие.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Трамп АҚШ Венесуэлада "қауіпсіз, тәртіпті және ақылға қонымды" билік орнағанша дейін елді уақытша басқаруға дайын екенін мәлімдеді.
АНЫҚТАМА
Америкалық мұнай компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласында да бұрыннан маңызды рөл атқарып келеді. Олар елдегі ең ірі кен орындарын игеруге қатысып, жалпы мұнай өндірісінің шамамен 30 пайызын қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты Қазақстан мұнай саласының негізгі жобаларына қатысты.