×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

COVID-19-ға қарсы вакцинаны алғашқы болып алған адам қайта егілді

25.09.2021, 14:58
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алғашқы болып алған адам қайта егілді
ашық дереккөз

Клиникалық зерттеулерден тыс Pfizer вакцинасын әлем бойынша алғашқы болып  алған Ұлыбританияның 91 жастағы тұрғыны қайтадан вакцина алды, деп хабарлайды  ulysmedia.kz 24.kz-ға сілтеме жасап.

Маргарет Кинан үшінші дозаны да алдыңғы екі доза сияқты Ковентри университетінің ауруханасында алды. Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында бірінші екпені жасаған медбикеге де үшінші рет вакцина егілді. Қосымша дозаны 50 жастан жоғары тұрғындар, медициналық қызметкерлер және созылмалы аурулары бар британдықтар ала алады.

Ұлыбританияда шамамен 45 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілген.

«Вакцина алғаннан кейін өзімді басқаша сезіне бастадым. Өзіме де, өзгелерге де вакцина алу арқылы көмектесе алатыным үшін қуанам», - дейді Маргарет Кинан.