×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Жаңа Салық кодексі елдегі көптеген жеке кәсіпкердің жұмысын тоқтатуы мүмкін

05.01.2026, 20:43
Жаңа Салық кодексі елдегі көптеген жеке кәсіпкердің жұмысын тоқтатуы мүмкін
Ulysmedia

Ірі бизнестің оңайлатылған режимде жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлікпен ынтымақтастығы кезінде шегерімдерге тыйым салу жаппай жеке кәсіпкерлердің жұмысына кесірін тигізуі мүмкін. Мұндай пікірді Қазақстанның Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Елбегі Әбдиев білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Салық реформасы басталғалы бері сарапшылар бұл норманы ең даулы әрі проблемалы талаптардың бірі деп атап келеді. Олардың пікірінше, жаңа ережелер әуелі бағаның өсуіне, кейін бизнестің жаппай жабылуына түрткі болады. Әсіресе, сауда желілерімен жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер үшін бұл жағдайдан шығу аса қиын болмақ.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Шағын және орта бизнестің айналымында сауда желілерінің үлесі 80-90%, кейде тіпті 100% болады. Тиісінше, егер қызмет немесе тауар жеткізушіге "біз сенімен жұмыс істемейміз" десе, көп жағдайда бұл оның не жабылуына, не жалпыға бірдей салық салу режиміне өтуіне алып келеді. Ал жалпыға бірдей салық режимі микробизнес әрдайым жете бермейтін белгілі бір шектерді көздейді. Екіншіден, бұл айтарлықтай әкімшілік жұмысты талап етеді: іс жүзінде бухгалтерді (тіпті аутсорсинг арқылы болса да) жалдауға, қосымша шығындарға себеп болады, ал мұндай шығындар біздіңше, оларға ауыр соғады, – деді Қазақстанның Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Елбегі Әбдиев TengeTalks-қа берген сұхбатында.

 

Серіктес жаңалықтары