×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Ресей соттары өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарудан рекорд жаңартты

06.01.2026, 11:39
Ресей соттары өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарудан рекорд жаңартты
Фото: rgup.ru

Ресей соттары өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарудан рекорд жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

2025 жылдың қаңтарынан қараша айына дейінгі аралықта Ресей соттары 100 адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бұл туралы Ресей Федерациясы жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.

Бұл көрсеткіш соңғы 20 жыл ішіндегі бір жылда шығарылған ең жоғары өмір бойғы жаза болып отыр. Бұған дейін мұндай үкімдердің ең көбі 2005 және 2012 жылдары тіркелген. Әр жылы 84 адам өмір бойына сотталған. Ал 2005–2024 жылдар аралығында Ресей соттары жалпы саны осындай 1316 үкім шығарған.

ТАСС мәліметінше, соңғы жылдары Ресейдің қылмыстық кодексіне өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін жаңа баптар енгізілген. Атап айтқанда, мемлекетке опасыздық жасау, террорлық акт ұйымдастыру немесе оған тарту секілді қылмыстар үшін ең ауыр жаза қарастырылған.

Контекст

Ал «Первый отдел» құқық қорғау жобасының деректеріне сәйкес, Ресей Украинаға қарсы ауқымды соғыс бастағалы бері соттар мемлекетке опасыздық жасау және тыңшылық баптары бойынша мыңнан астам үкім шығарған. Тек 2025 жылдың өзінде мұндай істер бойынша 468 адам сотталған. Бұл 1997 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Зерттеу бойынша, кең көлемді соғыс басталғалы бері мемлекетке опасыздық, тыңшылық және құпия ынтымақтастық туралы баптар Ресейде саяси қуғын-сүргіннің негізгі құралдарының біріне айналған.

Серіктес жаңалықтары