×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Берлинде диверсия салдарынан 25 500 үй жарықсыз қалды

06.01.2026, 14:34
Берлинде диверсия салдарынан 25 500 үй жарықсыз қалды
Фото: Emmanuele Contini/IMAGO

Германия астанасы Берлинде диверсия салдарынан 22 500 үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Stromnetz Berlin» энергетикалық операторының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 8 қаңтарға кешіне дейін созылады. Жауапкершілікті «Vulkan» солшыл радикал тобы мойнына алды.

Берлиннің оңтүстік-батысындағы 25 500 үй шаруашылығы мен 1200 кәсіпорын жарықсыз қалған. Жарықтың сөнуіне Лихтерфельде жылу электр станциясының жанындағы Тельтов каналы арқылы өтетін кабель көпірінің өртенуі себеп болған.

«Vulkan» солшыл радикал тобы 2024 жылы наурызда Бранденбург аумығында диверсия жасаған. Сол кезде электр желісін өртеу салдарынан америкалық Tesla компаниясының зауыты зақымданған. 

Берлин мэрі диверсияны «террорлық акт» деп бағалады.

Серіктес жаңалықтары