Қытайлық инвесторлар Түркістан облысында өндірістік кәсіпорындар мен аквапарк салу жөніндегі жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Qingdao Wanlin» компаниясының басшысы Яньтао Ли Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесуі барысында бірқатар инвестициялық бастаманы таныстырды.
Ұсыныстар қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар салу, үй жануарларына арналған жем өндіретін зауыт ашу, түрлі өндірістік нысандар құру, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі аквапарктердің бірін салу жобасы бар.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, барлық ұсыныс жан-жақты қаралып, олардың экономикалық тиімділігі мен өңір үшін маңыздылығы ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.