×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

АҚШ басып алған Ресейдің мұнай танкері туралы тың дерек шықты

08.01.2026, 12:00
АҚШ басып алған Ресейдің мұнай танкері туралы тың дерек шықты
Hakon Rimmereid/via REUTERS

АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди басып алынған Marinera танкері Венесуэла мен Ираннан мұнай тасымалдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта экипаж мүшелеріне қатысты жағалау күзетінің талаптарына бағынбау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бондиның сөзінше, Marinera танкерінің экипажы жағалау күзетінің бұйрықтарын орындамаған. Осыған байланысты барлық экипаж мүшесіне қатысты толыққанды тергеу басталған, ал кінәсі дәлелденген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп жазады Deutsche Welle.

Сонымен қатар, АҚШ Әділет министрлігі осындай талаптарды бұзуы мүмкін деген күдікпен бірнеше басқа кемені де бақылауға алған. Ведомство қажет болған жағдайда оларға да дәл осындай шаралар қолдануды жоспарлап отыр.

— Жағалау күзетінің немесе өзге де федералды органдардың нұсқауларын орындамаған кез келген адам, қай кемеде жүргеніне қарамастан, заң аясында тергеліп, жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті АҚШ бас прокуроры.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ресей АҚШ аңдыған танкерді қорғау үшін әскери кемелер жіберген болатын. Артынша АҚШ Ресей мұнай танкерін басып алғаны белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары