Алматыда Қыздар педагогикалық университетінде қыздардың кітап оқитын алаңы жабылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы “Мазмұндама” баспасының негізін қалаушы, Гарвард түлегі, қоғам белсендісі хабарлады.
- Осыдан бір жыл бұрын Гүлмира Қанайдың (экс-ректор) “қыздарға кітап оқытайық” деген өтініші бойынша, ҚызПУ-дың жаңа корпусына Саясат Нұрбек бастаған ел зиялыларының қатысуымен UniSpace алаңын ұйымдастырып, 10 млн теңге ақша салып, Coffee Book ашып едік. Жаңа ректор Бейбіткүл Кәрімова келіп, келісім-шартты ұзартпай, орынды босатыңдар деп жатыр. Мемлекет — нашар менеджер екенін білеміз, нашар серіктес екенін де біліп жүріңіздер!, – дейді Шыңғыс Мұқан.
Ұлыс тілшісі келісімшарттың мән-жайын білу мақсатында оқу орнының өкілдеріне сауал жолдады.
СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР
Кейінгі ақпарат бойынша, ҚызПУ Coffee Book-пен келісімшартты тағы бір жылға ұзартқан.
- ҚызПУ-дың ректоры хабарласты. Қарамағындағылар айтқанын дұрыс түсінбепті-мыс. Шартты тағы бір жылға созып береміз деп отыр. Жыл сайын осылай жазба жазып, жобаның қажеттілігін дәлелдеп жатудың қажеті болмайтын шығар деп үміттенемін, - дейді Шыңғыс Мұқан.
СҰҚБАТ
Сонымен қатар, Шыңғыс Мұқан Ұлысмедиа бас редакторы Самал Ибраевамен қазақ тіліне қатысты мәселелер жайында толымды сұқбат құрған еді.