×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Жертөлеге қамап қойған - қазақстандық соғысқа қалай тап болғанын айтты

08.01.2026, 19:10
Жертөлеге қамап қойған - қазақстандық соғысқа қалай тап болғанын айтты
Видеодан скриншот

30 жастағы Нұрсұлтан Исааков Ресейге жұмыс іздеп барған. Бірақ көп ұзамай қолына қару алып, соғысқа тап болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Ресейде оған есірткі "тастап жіберіп", кейін Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеген. Түрмеден қорыққан ол келісіп, майданға аттанған. Шетелдіктерді алдыңғы шепке жібермейміз деген уәделерге қарамастан, ол Херсон облысында, кейін Часов Яр маңында шабуылдаушы топ құрамында болған.

ТҰТҚЫН

Нұрсұлтан мен серігі шамамен бір ай жертөледе азық-түліксіз отырған. Су таусылған соң, өздерінің зәрін ішуге мәжбүр болған. Ақыры украиналық дрон олардың назарын аударып, су мен нұсқаулық тастап кеткен. Дронды ілесе жүріп, олар украин әскери позицияларына шыққан.

ЦИТАТА

"Отбасымның алдында, елімнің алдында кінәлімін. Өзімді ұятқа қалдырдым…" – дейді Нұрсұлтан Исааков.

Ол Қазақстанда жалдамалылық үшін түрме жазасы күтіп тұрғанын, ал Ресейде қайтадан майданға жіберілу қаупі барын түсінеді. Сондықтан тұтқынға берілу – жалғыз дұрыс шешім болғанын мойындайды.

Қазақстан заңына сәйкес жалдамалылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • Басқа елдегі соғысқа қатысқаны үшін (жалдамалылық белгілері болмаса) – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
  • Ал жалдамалылық үшін – 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, азаматтықтан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы бар.

КОНТЕКСТ

Қазақстан билігі Ресей жағында Украинада соғысқан азаматтарға қатысты қудалауды күшейтті. "Медиазона" дерегінше, өткен жылы 700-ден астам іс қозғалған, ал бұған дейін тек ондаған ғана болатын.

Серіктес жаңалықтары