×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Түркия жағалауында ресейлік танкерге шабуыл жасалды

08.01.2026, 22:10
Түркия жағалауында ресейлік танкерге шабуыл жасалды
Ашық дереккөзден

7 қаңтарда Сингапурдан Новороссийскке бағыт алған Elbus мұнай танкері Түркия жағалауына жақын жерде дронның шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кеме бағытынан ауытқып, Түркияның жағалау күзетіне көмек сұрады. 8 қаңтарда ол Инеболу портына жеткізіліп, бірнеше шақырым жерде тоқтады.

ШАБУЫЛ ЖАЙЫ

Lloyd’s List Intelligence дерегінше, танкер Палау туы астында жүзіп бара жатқанда теңіздегі дрон мен ұшқышсыз аппарат шабуыл жасаған. Нысана – кеменің машиналық бөлімі болған. Экипаждың 25 мүшесі аман, теңізге зиян келмеген.

ТҮРКИЯ ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ

Түркияның БАҚ-тары хабарлағандай, жағалау күзеті танкерді Инеболу портына дейін сүйреп апарып, якорьға қойды. Шабуыл Түркия жағалауынан 30 теңіз милінде (шамамен 55,6 км) болған. Зақым көлемін жағалау күзетінің мамандары тексеріп жатыр.

"Медиазона" басылымы Elbus танкері 2014 жылға дейін Ресейдің "Совкомфлот" компаниясына тиесілі болғанын, кейін бірнеше рет тіркеу елін өзгерткенін жазады. Қазір ол Ресейдің "көлеңкелі флотына" кіретіні айтылған.

ҰҚСАС ШАБУЫЛДАР

Соңғы айларда Қара теңізде мұндай оқиғалар жиілеген. Желтоқсан ортасында украиналық Sea Baby дрондары ресейлік "көлеңкелі флоттағы" Dashan танкерін зақымдаған. Бұған дейін қараша мен желтоқсан басында да шабуылдар болған.

Серіктес жаңалықтары