×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Қытай АҚШ ұсынысын неге қабылдамады

09.01.2026, 20:40
Қытай АҚШ ұсынысын неге қабылдамады
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен жасалған стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің мерзімі 5 ақпанда аяқталатынына алаңдамайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол бұл  The New York Times газетіне берген сұхбатында айтқан. 

"Егер келісім мерзімі бітсе – бітті. Біз одан да тиімді жаңа келісім жасаймыз", – деді.

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЛАРДЫҢ ШЕКТЕУСІЗ КӨБЕЮ ҚАУПІ

Газеттің жазуынша, ақпанда әлемдегі екі ірі ядролық держава – АҚШ пен Ресей – соңғы елу жылда алғаш рет стратегиялық қаруларын ешқандай шектеусіз арттыру мүмкіндігіне ие болуы ықтимал.

ҚЫТАЙДЫ ҚОСУ ҰСЫНЫСЫ

Трамп Қытайдың қару-жарақ арсеналы әлемде ең жылдам өсіп келе жатқанын атап, болашақ келісімдерге міндетті түрде қосылуы тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, тағы бірнеше мемлекет те қатысуы мүмкін.

КЕЛІСІМ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ

АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы өкілі Томас Кантрименнің айтуынша, Трамп әкімшілігінде осындай ұстанымды қолдайтындар көп.

Бұл келісім тек бір рет ұзартуға мүмкіндік берген. 2021 жылы Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың сол кездегі басшысы Джо Байден мерзімді бес жылға созуға келіскен. Құжат бойынша ядролық қару тасымалдаушы құралдар 700-ге, ал оқтұмсықтар саны 1550-ге дейін қысқартылуы тиіс.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАУАБЫ

Вашингтондағы Қытай елшілігі АҚШ ұсынысын қабылдамай, келіссөздерге қосылу "ақылға қонымсыз әрі шындыққа жанаспайды" деді. Қытай өз ядролық әлеуетін тек ұлттық қауіпсіздікке қажет ең төменгі деңгейде ұстайтынын және ешқашан қару-жарақ жарысына қатыспайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары