×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Франция НАТО-дан шығу мәселесін көтерді

Бүгін, 14:06
Франция НАТО-дан шығу мәселесін көтерді
РИА Новости

Франция парламенті вице-спикерінің бірі Клеманс Гетте АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты елдің НАТО-дан шығу мәселесін талқылауға шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Гетте Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ "Венесуэлада мемлекет басшысын ұрлап әкетті" және "Палестинадағы геноцидке әскери қолдау көрсетіп отыр" деп жазды. Сондай-ақ саясаткер АҚШ Гренландия үшін де қауіп төндіріп отырғанын, ал Дональд Трамптың басшылығымен "халықтарды бомбалап, халықаралық құқықты толықтай бұзып жатқанын" атап өтті.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Бүгінде Францияның Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына мүше болуы бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналды. Бұл – АҚШ басқарып, өз мүддесіне қызмет ететін әскери альянс. Мен НАТО-дан жоспарлы түрде шығу жөнінде, ең әуелі оның интеграцияланған қолбасшылық құрылымынан шығуды көздейтін резолюция ұсынысын енгіземін, – деді Гетте.

 

Серіктес жаңалықтары