×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Израиль күштері 2026 жылдың алғашқы аптасында жүзден астам палестиналықты ұстады

10.01.2026, 16:06
Израиль күштері 2026 жылдың алғашқы аптасында жүзден астам палестиналықты ұстады
Amer Shallodi – Anadolu Agency

Палестиналық тұтқындар істерін зерттеу орталығы 2026 жылдың алғашқы аптасында Иордан өзенінің Батыс жағалауында және Иерусалимде 150 адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұйым мәліметінше, ұстау шаралары түрлі елді мекенде жүргізіліп, олардың қатарында бес әйел мен сегіз бала, сондай-ақ бұрын сотталғандар, журналистер және алмасу аясында босатылған әйелдер болған. Орталық өкілдері тұрғын үйлерге жаппай рейдтер жасалып, тінту жүргізілгенін, мүліктің бүлінгенін де атап өтті.

Операциялар ауылдарда, босқындар лагерлерінде және Палестина қалаларында өткен. Мәлімдемеде бұл әрекеттер азаматтық халыққа қарсы ұжымдық жаза және жүйелі қысым ретінде бағаланған.

Сонымен қатар, орталық дерегіне сәйкес, жыл басынан бері Израиль билігі айып тағылмай-ақ әкімшілік қамауға алу туралы 136 ордер шығарған. Бұл, ұйымның пікірінше, халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін тәжірибенің күшейгенін көрсетеді.

Бұдан бөлек, Израиль күштерінің Бирзейт университеті аумағына жасаған рейді туралы да хабарланды. Онда тұтқындарды қолдауға арналған ынтымақ акциясы таратылып, журналистік құрал-жабдықтар тәркіленген және университеттің вице-президенті ұсталған. Орталық білім беру мекемелерінің қолсұғылмаушылығы бұзылғанын мәлімдеді.

АНЫҚТАМА

Иордан өзенінің Батыс жағалауы – Таяу Шығыста орналасқан, 1967 жылдан бері Израильдің оккупациясында тұрған аумақ. Халықаралық қауымдастық, соның ішінде БҰҰ, бұл өңірді болашақ Палестина мемлекетінің бір бөлігі деп есептейді. Алайда Израиль аумақтың басым бөлігін, соның ішінде қауіпсіздік мәселелерін бақылауда ұстап отыр.

Серіктес жаңалықтары