×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Қазақстандық блогер америкалық актер Уилл Смитке шапан жапты

Бүгін, 13:30
Қазақстандық блогер америкалық актер Уилл Смитке шапан жапты
instagram.com/bydastann

Қазақстандық блогер әрі саяхатшы Дастан Мұхамедрахым Дубайда өткен халықаралық шарада әйгілі актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

@bydastann никнеймімен танымал контент жасаушы әлемдік деңгейдегі блогерлер мен қоғам қайраткерлері жиналған Instagram ұйымдастырған іс-шараға арнайы шақырылған. Сол кеш барысында Дастан кино жұлдызымен жүздесіп, қазақ мәдениетінің символы саналатын шапанды тосыннан табыстаған.

Блогердің айтуынша, ол бұл қадамға алдын ала дайындалған. Уилл Смит сахнаға шығуға аз уақыт қалғанда, Дастан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жоспарын бөлісіп, алдыңғы қатарда отырып, шапанды дайындап қойғанын жеткізген.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Уилл Смит қазір бес минуттан кейін шығады. Мен алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын және оны оған кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер, – деді Дастан іс-шара алдында.

Актер өнер көрсетіп болған соң, қазақстандық блогер сахнаға көтеріліп, көптің көзінше Уилл Смиттің иығына шапан жапқан. Оқиға өте жылдам әрі аяқ асты болған.

Іс-шарадан кейін Дастан бұл сәттің өзі үшін ерекше әсер қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, сол сәтте актермен жақын арада тілдесіп, естелікке кадр түсіруге мүмкіндік алған жалғыз адам өзі болған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, қазақтың ұлттық киімі әлемдік жұлдыздың үстінде көрінуі көпшіліктің көңілінен шықты.

Серіктес жаңалықтары