×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

АҚШ өз азаматтарына Венесуэладан дереу кетуді ескертті

Бүгін, 15:18
АҚШ өз азаматтарына Венесуэладан дереу кетуді ескертті
Gaby Oráa/Reuters

АҚШ билігі Венесуэлада үкіметшіл қарулы топтардың әрекеттері туралы хабарлардан кейін америкалық азаматтарды елден шұғыл кетуге үндеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ескертуінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомствоның дерегінше, "коллективос" деп аталатын қарулы жасақ мүшелері жол бойына бақылау-бекеттерін қойып, көліктерді тексеріп, АҚШ азаматтарын немесе Вашингтонды қолдайтын адамдарды анықтауға тырысып жатыр.

– Венесуэлада жүрген АҚШ азаматтары қырағылық танытып, жолда қозғалған кезде барынша сақ болуға тиіс, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Венесуэладан халықаралық әуе рейстерінің бір бөлігі қайта жандануына байланысты америкалықтарға елден дереу кету ұсынылды.

КОНТЕКСТ

Бұл ескерту Венесуэла президенті Николас Мадуроның америкалық күштер тарапынан ұсталғанынан кейін бір апта өткен соң жарияланды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында болашақта Венесуэлаға барғысы келетінін айтып, Каракаста түнгі операция барысында ел басшылығы құлатылғаннан кейін АҚШ "Оңтүстік Америка елін басқарып отыр" деп мәлімдеген еді.

Мадуроның тұтқындалуынан кейін Венесуэладағы оппозицияның бір бөлігі АҚШ әрекеттерін қолдаса, ал үкімет жақтастары көшеге шығып, болған жайтты империалистік агрессия актісі деп атады.

Серіктес жаңалықтары