Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгтегі ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан құрамасының көшбасшысы финалда көрермендерге тартысты матч сыйлап, әлемнің жетінші ракеткасы, италиялық теннисші Лоренцо Музеттиді 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңді.
28 жастағы Бублик карьерасындағы 16-финалда өнер көрсетіп, ATP аясындағы 9-титулын жеңіп алды.
Сондай-ақ ол қатарынан бесінші финалда жеңіске жетіп отыр.
Осы нәтижесінің арқасында Александр Бублик карьерасында алғаш рет ATP рейтингінің ондығына еніп, 10-орынға көтеріледі.