×
509.94
593.88
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.94
593.88
6.43

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: тыңдау өтетін күн белгілі болды

Бүгін, 16:10
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: тыңдау өтетін күн белгілі болды
Getty Images

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша тыңдау өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің мәлімдеуінше, Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша тәртіптік тыңдау 19 қаңтарда өтеді.

– Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді. Түпкілікті шешім шығарылғанға дейін кез келген алыпсатарлық пен жария түрде қорытынды жасауға жол берілмейді деп санаймыз, – делінген хабарламада.

Ол барлық кейінгі процестік қадамдар туралы ресми түрде хабарланатынын жазды.

Серіктес жаңалықтары